376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында «Ақылды қала» жобасы бірқатар маңызды саланы қамтиды

  • 732
  • UPD: 22:18, 16.05.2018

Қарағанды облысында «Ақылды қала» жобасы 11 бағытта жүзеге асып, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, білім беру, медицина, құқық қорғау, ауыл шаруашылығы секілді маңызды салаларды қамтиды.

Ал Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы аумағы 1573,5 мың гектарды құрайтын Шымкент агломерациясын дамытуға басымдық берілмек. Мұндағы мақсат – қала аумағындағы елді мекендердің әлеуметтік, экономикалық, инфрақұрылымдық мәселелерін шешу. Ал Ақтөбеде «Ел айна» жаңа жобасы 2020-сыншы жылға дейін жүзеге асатын болады.       

«Ақылды қала» жобасы еліміздің барлық аймағында жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, Қарағанды облысында 11 бағытта дамиды. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, білім беру, медицина, құқық қорғау, ауылшаруашылығы секілді маңызды салаларды қамтиды. Әсіресе, кенді аймақта денсаулық сақтау саласына басымдық беріліп отыр.

Алмас Айдаров, облыс әкімінің орынбасары:

- «Қауіпсіз қала» жобамыз бар. Ол тек қана Қарағандыны емес, облыстың бес қаласын және Осакаров ауданын қамтиды.

Жаңа заман технологиялары Ақтөбені де айналып өтпейді. «Ел айна» аталған жоба 2020 жылға дейін жүзеге асады. Болашақ агломерация тұрғындары шаһар туралы ақпаратты smart-қосымшалар арқылы анықтап, қажетті қызметтерге қол жеткізе алады. 7 мыңнан астам бейнебақылау камераларынан бөлек, көлік нөпірін де бір жүйемен басқаруға мүмкіндік туады.

Ілияс Испанов, қала әкімі:

- Әр саланың өзі бизнес процесімен автоматтандырылып, содан кейін біздің орталықтандырылған базаға жүйелестірілсе, азаматтардың қалада тұруы ыңғайлы жағдайға өтеді деген ойдамыз.

Сонымен қатар Шымкент қаласы республикада алғашқылардың бірі болып, білім беру саласын электронды жүйеге көшірді. Қазір қаладағы 459 балабақшада 69 764 бала тәрбиеленіп жатса, соның 30 400-і электронды жолдама арқылы балабақшаға қабылданған.

Насихат Байзақова, қалалық білім бөлімінің бас маманы:

- Кез келген ата-ана үйінен шықпай-ақ сілтеме арқылы өзіне ұнаған баабақшаға баласын кезекке қоя алады. Бақшаның жалпы жай-күйімен таныса алады.

Шымкент қаласын ауызсумен қамтамасыз етіп отырған су арнасы серіктестігі толық автоматтандырылған. Судың көлемі мен қысымын жаңа технология арқылы 37 нүктеден бақылап отырады. Енді олардың санын 100 жеткізу көзделіп отыр. Тұтынушылармен де байланыс орнатылған.

Жанатбек Тұрдалиев, су арнасы серіктестігі бас директорының экономика жөніндегі орынбасары:

- Біздің тұтынушылармен қарым-қатынасымызды электронды жүйеге өткізуді қазір қолға алдық. Барлығының мобильдік байланысын, электронды почтасын, уотсап (WhatsApp) номерлерін алдық. Енді біздің жұмысымыз одан әрі қарай автоматты цифрлы технологияны дамытуға қадам басатын болады.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ардақ Қабыханов, Мансұр Есқожин

Хабар 24 телеарнасы