387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық тауарлар Ташкенттегі мұнай-газ және энергетика көрмесіне қойылды

  • 590
  • UPD: 09:39, 17.05.2018

Ташкентте халықаралық мұнай-газ және энергетика көрмесі өтіп жатыр.

Қос шараға әлемнің 20-дан астам елінен жүзге жуық жетекші компания өкілдері келген. Олар жәрмеңкеде қара алтын мен көгілдір отыннан бастап баламалы қуат көзін өндіруге қажетті өздері жасап шығарған заманауи құрал-жабдықтарын жұрт назарына ұсынды. Олардың қатарында бұрғылау, жерасты қазба байлықтарын өндіру, күн көзінен қуат алатын батареялар, құбырлар мен жоғары кернеулі желілер бар. Әлемдік брендтер қатарына Қазақстанда жасалған тауарлар да қойылды. Атап айтар болсақ, вакуумды қосқыштар, реле қорғанысы мен Астана электротехникалық зауыты шығарған түрлі қондырғылар орын алған. «Отандық тауар өндірушілер көрші елдің нарығында біздің өнімге деген сұраныс жоғары. Сондықтан болашақта тауар экспорттауды көздеп отырмыз», – дейді. Жалпы халықаралық жәрмеңкеде дүние жүзінің түкпір-түкпірінен жиналған мұнайшылар мен энергетиктер баламалы қуат көзі мен мұнай және газ өндіруде жеткен жетістіктерін ортаға салады. Өзара тәжірибе алмасады. Тіпті жетекші мамандардың қатысуымен жастарға арналған конференция да ұйымдастырылды. «Көрме Өзбекстанның ғана емес, өзге елдерде де өндірілетін тауарлардың экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді», – дейді шараны ұйымдастырушылар.

Жахангир Обиджанов, «Өзбекэнерго» АҚ төрағасының орынбасары:

- Қазақстандық әріптестерімізбен тығыз байланыста жұмыс атқарып келеміз. Қазақстанның электр энергиясын транзиттік тасымалдау ісі жолға қойылған. Бұдан бөлек жиілікті бақылау деген қызмет түрі бар. Қазіргі таңда «Өзбекэнерго» қуат көздерін экспорттау бойынша үлкен жұмыстар атқаруда. Өткен жылдан бастап Ауғанстанға электр энергиясын жөнелте бастадық.

Бақытжан Омаров, Астана электротехникалық зауытының техникалық директоры:

- Мақтанатындай жағдай бар, өйткені біздің өнімнің 80 пайызы өзіміздің отанық өндірістік құрал-саймандардан жасалған. Оны өз көзімен келіп, сапасын көріп кеткен басқа нәрсе. Сосын бұл көрмеге қанша дегенмен өз ісінің мамандары жиналады. Сол мамандар бір-бірімен тіл табысқан кезде өте жақсы болады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы