Астана ХҚО шетелдік компанияларды тіркеп жатыр

Астана халықаралық қаржы орталығы 5 шілде күні халықаралық қауымдастыққа ресми түрде танысытырылады.

Бұл туралы бүгін Астана экономикалық форумында белгілі болды. Оны құру туралы бастама 2015 жылы көтерілген. Аз уақыт ішінде тиісті заңдар қабылданып, арбитраждық орталық іске кірісті. Биржа құру бойыншада нақты қадамдар қолға алынған. Арнайы бағдарлама арқылы Нюь-Йорк, Шанхай сынды әлемдік қаржы орталықтарымен байланыста жұмыс жасалатын болады. Осы артықшылықтарды бағалай білген Шығыс Азия елдерінің 13 компаниясы қазірдің өзінде Астана халықаралық қаржы орталығының тіркеуінен өтіпті. Осы айда тағы 30 өтініш түскен. Жыл соңына дейін олардың қатары жүз, алдағы үш жылда 500 жетеді деп болжануда.

Қайрат Келімбетов, «Астана» халықаралық қаржы орталығының» Басқарушысы:

– Салыстырмалы түрде алатын болсақ 2004 жылы Дубай орталығы құрылғанда 40 компания болды. Бүгінде олардың қатары екі мыңның үстінде. Осыған қарағанда біздің аяқ алысымыз айтарлықтай тәуір.

Стивен Глинн, АХҚО комитетінің бас директоры:

Орталық жұмысын дамыту үшін қажетті басты алғышарттар жасалды. Енді оның жұмысына шетелдік компаниялар қаржыларды тарту керек. Бүгінгі форумға беделді делегаттардың қатысуы Қазақстан бастамаларын мақұлдайтындығын білдіреді. Олар маған өздерінің оң пікірлерін білдіруде.