Уильям Томпсон: Әлем үшін ең алдымен ақылды саяси шешімдер керек

Уильям Томпсон: Әлем үшін ең алдымен ақылды саяси шешімдер керек

Қазақстанда жасыл технологияның жөнді дамымай отырғанына сырттан тасымалданатын жабдықтардың тым қымбаттығы себеп.

Бұл туралы Астана экономикалық форумының пікірталас алаңында еліміздің Инвестициялар және даму министрлігінің комитет төрағасы Алмас Батанов мәлімдеді. Біздің еліміз үшін тағы бір сын-тегеурін – дәстүрлі энергия көздеріне және экспортына тәуелділік. Украина елшісі Руслан Лыжичконың айтуынша, бұл мәселе оларды да айналып өтпейді. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жанындағы Еуразия бөлімінің жетекшісі Уильям Томпсон көміртегінен алынатын баламалы энергияның бағасын қалыптастыру қажет деп санайды.

Уильям Томпсон, ЭЫДҰ жанындағы Еуразия бөлімінің жетекшісі:

- Әлем үшін мұнан бөлек ең алдымен ақылды саяси шешімдер керек. Ол дүние жүзі халықтарына ортақ болуы қажет деп есептеймін. Біріншіден, қоршаған ортаны, экологияны ойлағанымыз жөн. Табиғаттағы тепе-теңдік бұзылса, адамзатқа қауіп-қатер төнетінін ескермесе болмайды.