384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтаулық оқушылар дәнді-дақыл тұқымын жерсіндірудің тың әдісін ойлап тапты

  • 489
  • UPD: 10:16, 18.05.2018
Ақтаулық оқушылар дәнді-дақыл тұқымын жерсіндірудің тың әдісін ойлап тапты

Ақтаудағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары дәнді-дақыл тұқымын жерсіндірудің тың әдісін ойлап тапты.

Дарынды жеткіншектер шыны сауытта мөлдір түстес биоорта қалыптастыру арқылы өсімдік өскінінің ұзақ мезгіл сақталуына қол жеткізіп отыр. Қоректік орта құрамы тұқымның жетілуіне қажет химиялық элементтер мен минералдарға бай. Мұнда салынған өскінді күн сәулесі түсетін орында ұстай отырып, шөлейтті Маңғыстау өңірінің кез келген жеріне отырғызуға болады екен. «Егістікке жеткізілген соң тұқым колба ішіндегі сұйықтықпен бірге топыраққа отырғызылады. Көктің қысқа мерзімде тамыр жаюының арқасында диқандар артық шығын шығармай, бір маусымда мол өнім ала алады», – дейді жас өнертапқыштар.  

Кәмшат Мұстафа, жоба авторларының бірі:

- Біз зертханалық жағдайда өсімдіктерді өсірудің жолдарын қарастырдық. Мысалы, мына колбадаа, көріп тұрғаныңыздай, арнайы қоректік ортада өсімдіктер өсіп жатыр. Бұл 2-3 аптаның ішінде осындай нәтиже береді. Ал қоректік орта дегеніміз – микро және макроэлементтерге, витаминдерге және гормондарға толы, арнайы жасалатын орта. Ол жерде өсімдік өсуіне қажетті барлық элементтер бар. Сондықтан да өсімдік өсе алады. Жергілікті жерде өспейтін басқа да өсімдік тұқымдарын өсіріп, ол дамығаннан кейін топыраққа отырғыза аламыз.

Хабар 24 телеарнасы