АЭФ барысында барлық елдің тұрақты түрде бірге дамуы талқыланды

Бүгінде жер шары бойынша 800 млн адам тойып тамақ ішпейді.

Тәулігіне тіпті 2 доллар табыс таба алмай отырғандар да бар. Ал кей салаларда керісінше жұмыс істеуші адам күші тапшы. Бұл мәселелер Астана экономикалық форумы алаңында кеңінен талқыланды. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған сарапшылар әлемдегі тұрақтылық пен тепе-теңдік құбылып тұрғанын алға тартты. Осы мақсатта БҰҰ айқындаған әлемдік тұрақты дамудың 2030 жылға дейінгі мақсаттарын барлық елдер бірлесе орындау керектігі айтылды.

Айдар Әріпханов, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы:

- Бұл сессия бүгінгі форумда көптің қызығушылығын тударған талқылаудың бірі болды. Тұрақты даму тек ішкі жалпы өнімнің артуы емес, оның ішіне сапалы білім беру, өзара тығыз әріптестік орнатуда кіреді. Осы тақырыпқа байланысты «Бәйтерек» холдингі былтыр өзінің жаңа стратегиясын қабылдады. Әрине онда тұрақты дамуға басымдық бердік.

Норимаса Шимомура, БҰҰ ДБ Қазақстандағы тұрақты өкілі:

- Бұл жерде шағын және орта бизнеске көп нәрсе байланысты. Себебі ол нарықтың негізгі қозғаушы күші. Кей мемлекеттерде олардың үлесі 90 пайызға жетеді. Сонымен қатар түрлі қақтығыстарғада мүмкіндігінше жол бермеу қажет.