386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда адалдық аллеясы ашылады

  • 621
  • UPD: 13:49, 20.05.2018

Қарағанды қаласында таяуда отбасы мен махаббат және адалдық аллеясы пайда болады.

Бұл жоба «Рухани жаңғыру» аясында жүзеге асырылмақ. Ерекше аллеялар қала орталығындағы «Кеншілер даңқы» ескерткішінің маңында орналасады. Аллеяда алғашқы кездесу, отбасылық кеңес, мәңгілік адалдық пен неке құру орындықтары орнатылады. Бұл жобаға облыстық бюджеттен 2 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді. Қосымша қаражатты кәсіпкерлер бөлмек. Жобаға сондай-ақ студенттер де атсалысады. Жалпы «Рухани жаңғыру» аясында аймақта 5 жыл ішінде 400-ге жуық жоба жүзеге асырылады деп күтілуде. Оған 12 млрд теңге қарастырылған.

Серік Санаубаев, облыстық кәсіпкерлер қауымдастығының атқарушы директоры:

- Колледж студенттері орындықтарды өздері жасайды. Біз тек негізін жасап береміз. Олар дизайнын өздері жасайды. Студенттердің арасында дәнекерлеуші, электрик, инженер мамандары бар. Оларды тарту арқылы біз осы жобаны жүзеге асыруға мойын бұрдық.

Хабар 24 телеарнасы