384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте ашылған Арбатқа 1 мың түп раушан гүлі отырғызылды

  • 426
  • UPD: 15:24, 20.05.2018
Шымкентте ашылған Арбатқа 1 мың түп раушан гүлі отырғызылды

Шымкентте Халықаралық отбасы күніне орай Арбат демалыс орны ел игілігіне берілді.

Шаһардағы бұл Арбаттың ұзындығы бір шақырым шамасында. Мұнда жаңа шамдар ілініп, орындықтар қойылды. Сондай-ақ әсем ландшафт дизайны көз тартады. Тұрғындар үшін ыңғайлы демалыс аймағында велосипед жолағы да қарастырылған. 3600 шаршы метр аумақ көгалдандырылды. Тағы 2 мың шаршы метр жер жүргін жолға тиесілі. Демалыс орнына 700-ге жуық жөке, талшын, ақ қайың сынды ағаш түрлері мен 1 мың түп раушан гүлі егілді. Түнгі Арбатты жарық етуге 76 көше шамдары мен 45 кіші торшер қойылған. Жуық арада бұл маң өнер ордасына айналмақ. Себебі бұл аумаққа Суретшілер үйін салу жоспарлануда. Алдағы уақытта қалада мұндай саябақ Асанбай Асқаров пен Бейбітшілік көшесінде орналасады. 

Нұрлан Архабаев,  қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы:

- Мұндай жобалар қазіргі таңда қаланың барлық аумақтарында қазір қаралып жатыр. Соның бірі 11-12 мөлтек аудандардағы Шымкент каналының бойы. Сол аумаққа осындай жоба жасалды. Қазіргі таңда реттеу, жобалау жұмыстары жүргізілді. Енді 1-2 айдың көлемінде ол жерде де осындай демалатын орынға айналады.

Хабар 24 телеарнасы