383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда өртенген сауда үйінде бұған дейін де олқылықтар анықталған

  • 465
  • UPD: 18:01, 20.05.2018

Көкшетаудағы жалын шарпыған «Триумф» сауда үйінде бұған дейін де өрт қауіпсіздігіне қайшы келетін бір емес, 32 заңсыздық анықталған.

Бұл туралы облыстық ТЖД мамандары мәлімдеді. Тексеріс Ресейдің Кемерово қаласында болған оқиғадан кейін сәуір айының басында жүргізіліпті. Осы олқылықтар үшін, тіпті, нысанның директорына айыппұл да салынған. Алайда осы күнге дейін сол қателіктердің қайсысын түзеп, қайсысын қалыпқа келтіре алмағаны белгісіз. Өрттің де нақты неден шыққаны беймәлім. Тілсіз жау 450 шаршы метр аумақты шарпыған болатын. Ол бір сағат шамасында ауыздықталды. Төтенше жағдайлар комитетінің таратқан мәліметіне сүйенсек, оттың тұтануына ғимараттың сыртқы бетіндегі электр сымдарының тұйықталуы немесе темекі тұқылын тастау сияқты деректер себеп болуы мүмкін. Ал оқиға орнынан 30 шақты емес, 70 адам қауіпсіз жерге көшірілген екен.

Олег Малюк, облыстық ТЖД бөлім басшысы:

- Өрт 450 шаршы метр аумақты шарпыды. Зардап шеккендер жоқ. Жалын ғимараттың ішіне кірген жоқ. Шатырдың қаңқасы ағаштан жасалған. Сол жанған болуы да мүмкін. Бірақ барлығын сараптама анықтайды. Қазір сол өрттің нақты неден шыққаны зерттеліп жатыр. Оның нәтижесі ертең белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы