384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дәрігер: Елімізде шала туған сәбилердің өмірін сақтап қалу көрсеткіші күрт артты

  • 411
  • UPD: 17:00, 20.05.2018
Дәрігер: Елімізде шала туған сәбилердің өмірін сақтап қалу көрсеткіші күрт артты

Алматыда «Ана мен бала» халықаралық ғылыми-білім беру форумы өтті.

Екі күндік шарада мамандар медициналық-әлеуметтік көмекті жандандыру, сонымен қатар жүктілік кезеңіндегі және босану уақытындағы қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Қатысушылар назарына медицинадағы заманауи технологиялар ұсынылды. Айта кетейік, бүгінде шала туған сәбилердің өмірін сақтап қалу үшін еліміздің дәрігерлері бірқатар тәжірибе жинақтап, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген. Форум аясында  жас акушер, анестезиолог мамандар үшін шеберлік сабақтары өтті.

Балжан Тәттібекова, неонатолог-дәрігер:

- Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының ықпалымен елімізде 2008 жылдан бастап шала туған сәбилердің өмірін сақтап қалу көрсеткіші күрт артты. Содан бері салмағы бар болғаны 500 грамм болып туған шақалақтар бірден арнайы жәшікке жатқызылады. Сонда өсіп, жетіледі.

Хабар 24 телеарнасы