386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауыл кәсіпкерлері мемлекет қолдауына сенім артады

  • 293
  • UPD: 21:48, 20.05.2018
Ауыл кәсіпкерлері мемлекет қолдауына сенім артады

Елбасы белгілеп берген 5 әлеуметтік бастама алыс аудандардағы шағын және орта бизнестің дамуына оң ықпал ете бастады.

Атырау облысы Жылой ауданында биыл өз ісін бастағысы келетіндерден 370 миллион теңге несиеге сұраныс түсіп отыр.  Солардың бірі – кәсіпкер Мейрамгүл Ізтелеуова. 2014 жылы мемлекеттен жеңілдетілген пайызбен 3 миллион теңге несие алған жеке кәсіпкер қарызын қайтарып үлгерген. Қазір ауданның нан өнімдеріне деген сұранысының 30 пайызын қанағаттандыруда. Наубайханада 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Мейрамгүл Ізтілеуова, жеке кәсіпкер:

- Күніне 3,5 мың нан өтіп тұр. Болашақта одан да көбейткім келеді. Қосымша пештер аламын ба деген ойым бар. Бизнесті кеңейту үшін тағы да 10-12 миллион теңге ақша сұрасам ба деген ойым бар.

Хабар 24 телеарнасы