384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да автокөлік иелерінің бюджетке берешегі белден асады

  • 447
  • UPD: 15:16, 21.05.2018
БҚО-да автокөлік иелерінің бюджетке берешегі белден асады

Батыс Қазақстан облысындағы автокөлік иелерінің бюджетке берешегі 650 миллион теңгеге жетті.

Темір тұлпарларының тиісті салығын төлемей жүргендердің саны 30 мыңнан асқан. Қарызды өндіру бойынша 12 мыңдай іс сот өндірісінде қаралуда. 21 автокөлік қамаққа алынып, айып тұрағына қойылған. Борыш көлемінің көптігінен мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары автоураган жүйесінің қолдауымен жиі рейдтер ұйымдастыруға мәжбүр. Айта кету керек, жыл басынан бері автоматты бейнебақылау жүйесінің көмегімен салықтан жалтарған 400-дей көлік анықталған.

Тимур Төлепов, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:

– Бүгінгі таңда бізде рейдтік шара жүргізілуде. Бұл рейдтік шара деген салықтық түсімдерді көбейту мақсатында жасақталған жол картасының аясында жүргізіліп отыр. Біздің тарапымыздан барлық шаралар қолданылды. Барлық құжаттары сот орындаушыларға жолдады. Сот орындаушылары өз тарапынан осы жеке тұлғаларға елімізден тыс жерлерге шығуға шектеу қояды және мүліктеріне де шектеу қояды.

Хабар 24 телеарнасы