388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда банк бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды

  • 477
  • UPD: 17:27, 21.05.2018
Ақтауда банк бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды tengrinews.kz

Ақтауда «Цеснабанк» филиалына қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті.

Қаскөйге банк күзетшісі әуеге оқ атып, тойтарыс берген. «Маңғыстау облыстық ІІД-нің кезекші бөліміне 10.30-да Ақтаудағы 15-ықшамауданда орналасқан «Цеснабанкке» қарақшылық шабуыл жасалғаны жайлы хабар келіп түсті», – деп хабарлады ІІД өкілдері. Күдікті оқиға орнынан қашпақ болған. Алайда ЖПҚ қызметкерлері оны ұстап алған. «2018 жылдың 21 мамырында бұл дерек Маңғыстау облыстық ІІД-нің сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі бойынша тіркеліп, соталды тергеу жүріп жатыр», – деп хабарлады облыстық ІІД өкілдері.

Ақпарат көзі: tengrinews.kz

Хабар 24 телеарнасы