389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ә.Исекешев: ТЖД өрт қауіпсіздігін тексеруді доғармауы қажет

  • 401
  • UPD: 17:34, 21.05.2018
Ә.Исекешев: ТЖД өрт қауіпсіздігін тексеруді доғармауы қажет

Астана әкімі Әсет Исекешев аппарат кеңесінде нысандарда өрт қауіпсіздігіне себеп болатын заттарды тексеру бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды. 

Жиында қалалық ТЖД басшысы Барат Дұзақбаев білім мен сауда нысандарындағы өртке қарсы жағдай туралы баяндады. 

ТЖД басшысының мәліметінше, адамдар көп жиналатын орындар тексеруден өткен. Тексеру барысында 85 сауда нысанынан 812 бұзушылық анықталған. Сондай-ақ тексеру нәтижесінде 15 білім нысанынан 115 бұзушылық анықталып, 4 кінәлі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 11 материал өндірісте жатыр.   

Дұзақбаев айтқандай, тексеру кезінде негізгі бұзушылықтар ғимараттың өртке қарсы қорғаныс жүйесінің жұмысқа қабілетсіздігі, эвакуация жолдарын қоршау, электр желілерін монтаждау және электр желілерін пайдаланудағы өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу, ғимаратты әзірліксіз және бекітілмеген жобалау-сметалық құжатынсыз қайтадан бұзып салу, ғимараттың жанынан эвакуация жолына сауда киоскілерін орнатуда байқалған.   

«Ең бастысы – бұл жұмыстарды өздігіңнен жасауға болмайды. Мұны жүйелі түрде жасау керек. Себебі, бұл бірінші кезекте біздің балаларымыз бен халықтың қауіпсіздік мәселесі. Сол себепті барлық объектіні тексеру қажет және бұзушыларға қатаң шара қолдану керек», – деді қала әкімі. 

Әсет Исекешев мәселенің өзекті екеніне тағы да тоқтала кетіп, төтенше жағдайлар жөніндегі департаментке аталған бағытта жұмысты күшейтіп, тексеру материалдарын жедел қарауын тапсырды.

Ақпарат көзі: astana.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы