388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында халықаралық антитеррорлық оқу-жаттығулар өтіп жатыр

  • 676
  • UPD: 18:16, 21.05.2018

Алматы облысына шұғыл түрде әскерлер жиылды. Аптаның бірінші күнінде еліміздің Оңтүстік-Шығысында сарбаздар террористермен күресіп, бір топ есірткі тасымалдаушыларды ұстады.

«Кобальт-2018» халықаралық оқу-жаттығуының желісі осылай өрбіді. Арнайы тактикалық жиын Алматы облысындағы Ұлттық ұланның жауынгерлік және әдістемелік дайындық орталығында салтанатты жағдайда басталды. Әскери сынға жедел әрекет ету ұжымдық күші мен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының құрылым өкілдері қатысуда. Халықаралық оқу-жаттығу мемлекеттер туының көтерілуімен басталды. Атап өтейік, бұл шара түрлі қауіптерге тойтарыс беру үшін әскери машық пен дайындықты шыңдауға негізделген. Жаттығуға жеке құрамның 700-ден аса әскери қызметшісі, 70-ке жуық жауынгерлік техника, атқыштар және артиллериялық құрылымдардың 500-ге тарта өкілі мен әуе қорғанысының көліктері қатысуда.

Валерий Семериков, ҰҚШҰ Бас хатшысының орынбасары, генерал-полковник:

- Мұның алдында дәл осындай оқу-жаттығу жиыны Ресей мен Арменияда өткен болатын. Бұл өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен шара. Келесі дайындықты Белорусь немесе қырғыз жерінде өткізу жоспарда бар. Жедел әрекет ету ұжымдық күшінің алдында қазір 6 міндет тұр. Соның бірі терроризммен және есірткімен күресті күшейту. Соған сай бүгін жаттығулар болды. Негізгі басымдық экстремистік топтармен күреске берілді. Бұл оқу-жаттығу жиыны ертең де жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы