364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бараев орталығында егіншілік полигоны құрылды

  • 354
Бараев орталығында егіншілік полигоны құрылды

Биыл Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығында нақты егіншілік полигоны құрылды.

Жалпы ауданы 3 мың гектарға жоспарланған жобаны жүзеге асыру үшін 1 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында ғылыми өндірістік орталықтың бас директоры Кенже Абдуллаев мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа жобаның мақсаты – ауылшаруашылығының өнімділігін арттыру және шығындарды азайту. Бастаманың негізінде солтүстік аймақтардағы 15 млн гектар жерге заманауи технология қолданылмақ. Сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізіліп, биотехникалық әдістер бойынша жаздық бидайдың жаңа сорттарын шығару көзделіп отыр.

Кенже Абдуллаев, А.И.Бараев атындағы АШҒӨО бас директоры:

– Өнімнің жоғалып жатқаны екі нәрсеге байланысты болып тұр. Біріншісі технология, екіншісі сортқа байланысты. Селекцияға байланысты болғанда ыстыққа төзімді, ауруға төзімді үлкен сорттар шығару жағында үлкен мәселе қозғалып жатыр. 20-25 млн тоннаға дейін алам деп отырған кезде 12 центнер бір-ақ түсті. Ол сорттың ауруға төзімділігі жоқтығынан.

Осы категория бойынша: « Павлодарда алғашқы IT-орталық ашылды XV Еуразиялық медиа форумға 60-тан аса мемлекеттен 600-ге жуық делегат келеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы