389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы әуежайында тіркелмеген 29 млн теңгемен Дубай аспақ болған канадалық ұсталды

  • 260
  • UPD: 11:44, 22.05.2018
Алматы әуежайында тіркелмеген 29 млн теңгемен Дубай аспақ болған канадалық ұсталды Mir24.tv

Алматы халықаралық әуежайында «Дубай-Алматы» рейсінің жолаушысынан тіркелмеген 73 245 еуро мен 1 500 АҚШ доллары көлемінде валюта табылған.

Қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл қаржы теңгеге шаққанда 28 500 000 теңге көлемінде болған. «Мұндай құқықбұзушылықпен күрес белсенді жүргізіледі. Жыл басынан бері 17 дерек тіркелді. Жолаушылар жалпы сомасы 247 800 доллар, 17 500 еуро, 34 400 қытай юанімен ЕАЭО шекарасын аспақ болған», – деді департаменттен. ҚР заңнамасына сәйкес Қазақстан азаматтары 10 мың АҚШ долларынан аспайтын соманы тіркемей шыға алады. Егер ақша шекті сомадан асып кетсе, онда азамат кедендік декларация толтыру керек.

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы