388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында рухани жаңғыру орталығы ашылды

  • 905
  • UPD: 15:17, 22.05.2018
Қызылорда облысында рухани жаңғыру орталығы ашылды

Қызылорда облысында рухани жаңғыру орталығы ашылды.

Былтыр аймақта Елбасының бағдарламасы аясында 600-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, 79 жоба жүзеге асты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында өңір басшысы Қырымбек Көшербаев мәлімдеді. Сондай-ақ Қызылорда мемлекеттік университетінде «Рухани жаңғыру» кафедрасы өз жұмысын бастады. Студенттерге «Мәңгілік ел және ұлттық дәстүр», «Өркениеттің негіздері» атты пәндер оқытылып жатыр. Бұдан бөлек мектеп оқушыларына арналған қазақ тіліндегі «Өлкетану» оқулығы жарыққа шықпақ. Бастаманы жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 25 млн теңге көлемінде қаржы бөлінді.

Хабар 24 телеарнасы