366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астана әуежайында 100-ден аса адам отырған ұшақ ұшу жолағынан шығып кетті (бейне)

  • 277
  • UPD: 16:58, 22.05.2018

Астана әуежайында 100-ден аса адам отырған ұшақ ұшу жолағынан шығып кеткен.

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі фэйсбук парақшасында жариялады.

«Астана әуежайында Эйр Астана әуекомпаниясының KS352 Шымкент – Астана рейсінің тіркеу нөмірі P4-KВВ Airbus-320 ұшағы 13:22-де қонғаннан кейін ұшып-қону жолағынан шығып кетті. Бортта 97 жолаушы және 9 экипаж мүшесі болды. Әуе кемесі тұраққа жеткізілді. Қозғалтқышқа зақым келген. Аэродром 13 сағат 30 минуттан 14 сағат 10 минутқа дейінгі аралықта жабылды. Қазіргі уақытта әуежай штаттық режимде жұмыс істеп жатыр», – делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы