366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атыраудағы ТЖБ басшысы қаладағы лифттердің техникалық жағдайы туралы мәлімет берді

  • 165
  • UPD: 19:36, 22.05.2018

Атырау қаласындағы «Алмагүл» шағын ауданында қайығылы жағдай болды. Көп қабатты үйдегі жүк көтеретін лифтісінің шақтасына кеше кешкісін екі жасөспірім абайсызда құлап кеткен.

Өкінішке орай, 16 қабатты тұрғын үйдің 15 қабатындағы лифт шақтасынан төменге құлдилаған баланың бірі оқиға орнында тіл тартпай кетсе, екінші жасөспірім сол мезетте жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Бірақ жан сақтау бөліміне түскен,, бұл баланың да жағдайы өте ауыр болғандықтан дәрігерлер оны ажалдан арашалап қала алмады. Қазір бұл қайғылы оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылып, сараптама жасалып жатыр.  Жалпы  Атырау қаласы бойынша 266 лифт бар екен, ал оның 32-сі  мүлде жұмыс істемейді.

Талғар Хабибуллин, қалалық ТЖБ басшысы:

- Енді жабық тұрған лифтіге балалардың қалай құлап кеткені жөнінде қазіргі кезде құзырлы органдармен тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Анықталатын болады. Қала бойынша жалпы қала әкімінің өкімімен жұмыс комиссиясы құрылған қазіргі уақытта сол қала бойынша барлық лифтілердің жағдайларын анықтап қайсысы жұмыс істейді-істемейді осы жөнінде анықтап бәрін шығаратын болады.

Хабар 24 телеарнасы