384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


XV Еуразиялық медиа форумда жалған ақпаратпен күресу жолдары қарастырылды

  • 499
  • UPD: 12:19, 23.05.2018

Алматыда XV Еуразиялық медиа форум өтіп жатыр. АҚШ, Еуропа елдері мен Оңтүстік Шығыс Азия және Үндістан сияқты елдерден келген сарапшылар алқалы жиын барысында технологияның дамуы мен сипаты өзгерген медиа саланың тиімді тұстарын және қауіп-қатерлерді ортаға салды.

«Эволюцияның 15 жылы: құбылмалы дүние және бізге өзгеріс әкелген әлем» тақырыбын қамтыған жиынның алғашқы күні шеберлік дәрістермен басталды. Қатысушылар ақпарат тасқынынан шынайы мәліметтерді алып, әп-сәтте әлемнің кез келген түкпірінен ақпарат тарату мүмкіндігі, медиа этиканың маңызы, аудиторияға қажетті ақпаратты жазудың жаңа тәсілдерін қалыптастыру төңірегінде пікір алмасты.

Юсуф Омар, мобильді журналистика технологиясының негізін қалаушы:

- Қазір мобильді технологиялар біртіндеп кейін шегеріліп, оның орнын виртуалды шындық басып келеді. Менің тағып тұрған көзілдірігім бейне түсіріп, кез келген нүктеден репортаж жүргізуіме мүмкіндік береді. Ол цифрлық бағдарламалардың көмегімен жүзеге асады. Нақтырақ айтқанда бұл қазіргі журналистиканың бәсеке құралына айнала бастады. 

Форум қатысушыларын қызықтырған тағы бір тақырып фейк-жаңалықтар көбейіп кеткен қазіргі кезеңде қоғам сеніміне қалай ықпал етуге болады? Бұл туралы  дәрісті СNN телеарнасының халықаралық жобалар бойынша шығарушы редакторы Райан Смитт жүргізді. Шеберлік сабағында ойларын ортаға салған сарапшылар жалған ақпаратпен күресудің бір ғана жолы бар дейді.

Саясат Нұрбек, тәуелсіз сарапшы, Еуразиялық медиа форумның кеңесшісі:

- Жалған ақпарат көп болып кетті. Онымен күресу мүмкін емес. Күресу өте қиын. Бір ғана түбегейлі жүйелі шешім бар. Ол мектептерден бастау. Қазіргі таңда Еуропа дамыған елдерде орта мектеп деңгейінде оқу бағдарламаларына сыни түрде ойлай білу, ақпараттық сауаттылық деген пәндер кіргізіліп жатыр. Балаларды ақпарат ақиқат пен жалғанды ажыратуға біз қабілет беруіміз керек.

Андре Ильвес, жазушы, журналист /Оңтүстік Африка/:

- Ақпаратты жедел таратумен қатар журналистер нақтылықтың қаншалықты маңызды екенін естен шығармау керек. Бұл ақпаратты тұтынушыға деген құрметті білдіреді.

Еуразиялық медиа форумның жұмысы әлі екі күнге жалғасады. Ертең басталатын пленарлық мәжілісте әлемдік басылымдардың шолушылары мен журналистері, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен Біріккен Ұлттар ұйымының өкілдері баяндама жасайды.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Ерлан Әбжанов, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы