384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайлық инвесторлар Павлодардың экономикалық мүмкіндіктерімен танысты

  • 467
  • UPD: 11:09, 23.05.2018
Қытайлық инвесторлар Павлодардың экономикалық мүмкіндіктерімен танысты

Қытай инвесторларын «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының мүмкіндіктері қызықтырады.

Олар жылына 150  мың тонна қыздырылған кокс сатып алуға ниет білдірді. Синьцзян автономиялық округінде ірі алюминий зауыты бар. Павлодарға келген Қытай кәсіпкерлері қоспалы алюминий өндіретін «Guissenhaus» өндіріс ошағы мен химиялық препарат шығаратын «АгроХимПрогресс» зауытын аралады. Сондай-ақ олар агроөнеркәсіп кешеніне де қызығушылық танытты. Бүгінгі таңда Синьцзянда 23 миллион халық тұрады. Сапалы азық-түлікке сұраныс жоғары. Ал Павлодар  экологиялық таза әрі табиғи өнімдерімен танымал. Қытай кәсіпкерлері  астық, өсімдік майы, жарма дақылдары, ет пен сүт өнімдерін сатып алуға ниетті. Олар «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында жергілікті тауар өндірушілермен кездесіп, өзара әріптестік орнату тетіктерін талқыға салды.

Чен Ган, EYEMA компанияcының вице-президенті:

- Кокс шығаратын өндірістің жұмысымен таныстық. Синьцзянда жылына 3 миллион тоннадай алюминий шығаратын зауыт бар. Оған үлкен  көлемде кокс керек болады. Біз Павлодар облысынан жылына 100-150 мың тонна кокс сатып алуға дайынбыз. Азық-түлік тасымалымен айналысуға да мүмкіндік мол

Айбек Тұрсынғалиев, «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы АҚ басқарма төрағасы:

- Біз қытайлық әріптестеріміздің назарына 3 жобаны ұсындық. Ол қоспалы алюминий және қыздырылған мұнай коксын шығаратын зауыт, химиялық препараттар өндірісі. Бұл жобалардың бәріне бірдей қызығушылық танытты. Аз мерзімде біздің арамызда байланыс орнайды деген үмітіміз бар.

Хабар 24 телеарнасы