366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысының бірнеше ауданы дауылдан келген шығынды есептеп жатыр

  • 143
  • UPD: 23:47, 23.05.2018

Павлодар облысында да бірнеше аудан дауылдан келген шығынды есептеп жатыр.

Бүгін қатты жел тұрып, бірнеше нысанның шатырына зақым келген. Ақтоғай ауданында жергілікті серіктестіктің жөндеу цехының шатырын жел ұшырып әкеткен. Ал аудандық подстансаның құлаған төбесі екі жеңіл көлікті басып қалды. Железинка ауданында мектептің шатыры қираған. Осындай оқыс жағдай Баянауыл ауданында да қайталанып отыр. Қатты дауылдың әсерінен бірнеше нысанға зиян келген. Барлық оқиға бойынша облыстық ТЖД тексеру жүргізіп жатыр. Адам шығыны жоқ.

Хабар 24 телеарнасы