383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«KADEX-2018»: келушілер назарына 124 құрлықтық және 18 әуе техникасы ұсынылды

  • 437
  • UPD: 14:02, 24.05.2018

Қазір «KADEX-2018» көрме жұмысының қызған шағы.

Көрме алаңында бірнеше шара өтіп жатыр. «Қазғарыштың» 25 жылдығына арналған халықаралық форумда шетелден келген мамандар ғарыштың дамуы жайлы баяндама жасаса, компаниялар өз техникаларының мүмкіндігін көрсетті.

Қазір ғана компаниялар өз техникаларының мүмкіндігін көрсетіп болды. Айта кетейік, «KADEX-2018» көрмесіне 40-тан астам елдің делегациясы келді десек, оның 28-і қару-жарағын және әскери-авиациялық техникасын ала келген. Биыл 11 павильон жұмыс істеп тұр. Оның үшеуі жеке павильондар. Олар Ресейге, Түркияға және Қытайға тиесілі. Жалпы келушілердің назарына техниканың әскери, авиациялық және басқа да арнайы түрлері ұсынылды. Атап айтқанда, қонақтар 124 құрлықтық және 18 әуе техникасын көре алды. Сондай-ақ мұнда ұшқышсыз басқарылатын әуе кемелері де бар. Жалпы, келушілер алаңда қорғаныс-өнеркәсіп кешені және ғарыш саласындағы соңғы жетістіктермен танысты.

Көрме аясында түстен кейін де бірқатар жиын өтеді. Шамамен бір сағаттан кейін ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне арналған халықаралық конференция өз жұмысын бастайды. Жиынға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев пен Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов қатысады деп жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы