383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕАМФ: қоршаған ортаның эволюциясы

  • 361
  • UPD: 13:57, 24.05.2018

Алматыда Еуразиялық медиа форумның үшінші жұмыс күні басталды.

Бүгінгі күннің алғашқы сессиясы «Қоршаған ортаның эволюциясы: қашып құтылмайтын ақырзаман ба, әлде жасыл экономикаға көшу ма?» деп аталады.

Әдетте ауа райы болжамы жаңалықтардың соңында айтылады. «Алдағы жылдары ол басты жаңалыққа айналуы мүмкін», – дейді сессияға қатысып отырған спикерлер. Бұның себебі жаһандық климаттың өзгеруі дейді мамандар. Мысалы, сессияның модераторы Кристофер де Вер Уокер 1960 жылдан осы уақытқа дейін Тянь-Шянь тауының мұздықтары 30 пайызға дейін азайғанын айтады. Мұздықтардың азаюы Гималай тауында да байқалады.

Бүгін 15-ші Еуразиялық медиа форумның соңғы күні. Қазір блогерлік саланың дамуына арналған мәжіліс жүріп жатыр. Ал түстен кейін құндылықтар эволюциясына арналған тақырыптар бойынша пікірталас болады.

Авторы: Ұлан Нарынбек

Хабар 24 телеарнасы