360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғанда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

  • 237
  • UPD: 19:23, 24.05.2018
Талдықорғанда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

Талдықорғанда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары анықталды.

Байқаудың облыстық кезеңінде 400-ден астам отбасы бақ сынаған болатын. Солардың арасынан 8 жанұя жүлдеге ілікті. Бірінші орын екі отбасына берілді. Енді олар республикалық байқауда Алматы облысының намысын қорғайтын болады.

Талдықорғандық Рахымбековтер мен Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында тұратын Кәрібаевтар отбасы байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанып, 1 миллион теңгеден ұтып алды. Енді олар республикалық байқауда бақ сынап көреді. Жамбыл ауданының атынан сынға түскен Кәрібаевтардың туған екі ұлы бар. Олар өткен жылы 7 бала асырап алған.

Әлия Кәрібаева, байқау жеңімпазы:

Оларнеміс, орыс, украин, белорус, шешен балалары. Біз осы жүлдені алып отырғанымызға өте қуаныштымыз!

Алина Чащина, байқау жеңімпазы:

– Мен әкемді, анамды жақсы көремін. Мен отбасымды жақсы көремін. Біз мерейлі отбасымыз!

«Бұл байқау біздің мемлекетімізге және осы елде өмір сүріп жатқан әрбір отбасы үшін аса қажет. Өйткені ұлттың болашағы келешек ұрпақтың қолында», – дейді айдынды Алакөлдің жағасынан келіп, жүлделі екінші орынға ие болған Дүйсебаевтар әулетінің отанасы.

Ұлжалғас Дүйсебаева, Алакөл ауданының тұрғыны

Бұрынғының артымыз, кейінгінің қартымыз. Сондықтан біз өзіміздің ата-бабамыздан үйренгенімізді келешек ұрпаққа беруге әзірміз.

Байқаудың облыстық кезеңіне 400-ден астам отбасының қатысуы тегін емес. Бұл «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетсе керек.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы