384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында маңызы бар «Қорғалжын-Арықты» автожолын су шайды

  • 422
  • UPD: 16:13, 25.05.2018

23 мамыр күні сағат 12.30-да «Қорғалжын-Арықты» облыстық  маңызы бар автожол учаскесін су шайып жатқаны жөнінде хабарлама келіп түскен.

Бұл туралы ІІМ ТЖД өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады. Қатты желдің салдарынан  толқын көтеріліп, тереңдігі 10-30 см болатын су 100 метрге дейін жайылған. Кезекшілік ұйымдастырылып, жолда көлік қозғалысы шектелді. Сондай-ақ жолдың шетіндегі суға жүргізушінің қауіпсіздікті сақтағанынан УАЗ-3962 автокөлігі абайсызда батып кеткен. Зардап шеккендер жоқ. Көлік судан шығарылып, Қорғалжын елді мекеніне жеткізілді.

Қазір дауылдың бәсеңдеуінен көлік қозғалысы қалпына келтірілді. Елді мекендерге қауіп жоқ.

Хабар 24 телеарнасы