384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Г.Әбдіқалықова Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің үздік тыңдаушыларымен кездесті

  • 376
  • UPD: 15:01, 25.05.2018

Еліміздің Мемлекеттік хатшысы Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің үздік тыңдаушыларымен кездесті.

Президент жанындағы оқу ордасы 2008 жылы құрылған. Он жыл ішінде білім ұясынан 140 мемлекеттік басқарушы түлеп шыққан. Оның 89-ы қазіргі таңда мемлеттік қызметте жұмыс істесе, тағы 37 магистрант биыл оқуды тәмамдайды. Гүлшара Әбдіқалықова тыңдаушылармен жаһандағы өзгерістер туралы өзара пікір алмасып, елімізде жүзеге асырылып жатқан Ұлт жоспары туралы әңгімеледі. Оның бірінші бағыты болып, кәсіби мемлекеттік аппарат жасақтау айқындалғанын атап өтті Мемлекеттік хатшы.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

- Қазіргі кезде жаңа мемлекеттік қызметтің құзыреті белгіленді. Жаңа еңбекақы төлеу жүйесі қалыптастырылып, апробация ретінде бірнеше мемлекеттік органдарда қазір белгіленіп отыр. Әрі қарай өзін өзі ақтайтын жүйе болатын болса, ол бүкіл республика бойынша енгізілетін болады.

Бауыржан Боқаев, Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің директоры:

- Ұлттық мемлекеттік саясат мектебі заман көшіне ілесіп келеді. Осы орайда оқу процесіне екі жаңа бағдарламаны енгізіп жатырмыз. Бірі Цифрлық мемлекеттік басқару магистрі, енді бірі Жемқорлыққа қарсы саясат магистрі. Мемлекеттік қызметтегі киберқауіпсіздік, Биг датаны сараптау, блокчейн, смарт секілді жаңа пәндер де пайда болды.

Хабар 24 телеарнасы