384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Рухани жаңғыру»: Алматы облысында 120-дан аса жоба жүзеге асырылмақ

  • 565
  • UPD: 17:32, 25.05.2018
«Рухани жаңғыру»: Алматы облысында 120-дан аса жоба жүзеге асырылмақ

Алматы облысының кәсіпкерлері «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сүбелі үлес қосып келеді.

Өңірде «Туған жер» жобасы арқылы 2019-2022 жылдарды қамтитын құны 6 млрд теңгенің 120-дан аса жобасы жоспарланып отыр. Өткен жылы кәсіпкерлердің қаражатына 193 жоба жүзеге асқан. Ауқымдысы – Тұңғыш Президент-Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы және «Батыр бабалар» мемориалды музейі. Бұл мәдени ошақтардың маңызы зор. Арнайы брифингте сөз алған облыс әкімі Амандық Баталов кәсіпкерлердің әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда да үлесі зор екенін атап өтті.

Амандық Баталов, Алматы облысының әкімі:

- Әлеуметтік жобаларға ерекше тоқталғым келеді. Шамалған ауылындағы тұрмысы төмен отбасылар үшін 17 үй салынды, Ащыбұлақ ауылында ескі саябақ пен футбол алаңы қалыпқа келтірілді. Балқаш ауданында орта мектеп пен балалар алаңқайы пайдалануға берілді. Жыл басынан бері 4,2 млрд теңгенің 80 жобасы жүзеге асты.  

Хабар 24 телеарнасы