385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Мәдениет және спорт министрі шетелдік журналистермен кездесті

  • 467
  • UPD: 17:36, 25.05.2018
ҚР Мәдениет және спорт министрі шетелдік журналистермен кездесті

Елімізде электронды виза кенжелеп тұр.

Рұқсат қағазды онлайн түрде рәсімдеу үшін қазір тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Осы арқылы туристердің санын арттыру көзделген. Бұл жайында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді. Ведомство басшысы бүгін елімізге келген бір топ шетелдік журналистермен кездесті. Әлемнің жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан бағдарламалармен етене танысу үшін Сыртқы істер министрлігінің шақыруымен қазақ жеріне табан тіреп отыр. Жұмадағы жүздесу сәтінде министр шетелдік тілшілерге «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан қыруар жұмыстарды баяндады. Астанадағы сапардан соң журналистер Маңғыстау облысына аттанбақ.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Қазіргі кезде Қазақстанға қызығушылық өте көп. Біз Қазақстанның жетістігін өнер саласында болсын, басқасында болсын дүниеге кеңінен таныстыруымыз керек. Осыған алдыңғы қатарлы БАҚ өкілдері келіп жатқаны біз үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік.

Хабар 24 телеарнасы