366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Теміртауда жаңа төселген тасжолдың сапасы cын көтермейді

  • 125
  • UPD: 19:24, 25.05.2018
Теміртауда жаңа төселген тасжолдың сапасы cын көтермейді

Теміртау қаласының әкімінің биыл жөндеуден өткен жолдардың сапасына көңілі толмады.

Қаланың шығыс аумағында орналасқан көшелердің біріне тексеріспен келген шаһар басшысы жаңа төселген асфальттың бір бөлігін қолмен-ақ қопарып тастады. Жөндеу жұмыстарының шала жүргізіліп жатқандығына көзі жеткен әкім мердігерлерден асфальтты қайта төсеуді талап етті.

Айта кету керек, биыл облыстық бюджеттен Теміртау қаласының жолдарын жөндеуге 1 млрд 600 млн теңге бөлінген. Оның 600 млн теңгесі қала ішіндегі көше жолдарына қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы