387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда «Белсенді мегаполис: жол картасы» қабылданды

  • 480
  • UPD: 22:33, 25.05.2018
Алматыда «Белсенді мегаполис: жол картасы» қабылданды

Алматыда қалалық қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.

Кеңесте қала әкімдігі мен Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі арасында «Азаматтық қоғам институттарын дамыту жөніндегі белсенді мегаполис Жол картасын» бірлесіп іске асыру жөніндегі келісімге қол қойылды. Жол картасының мақсаты – әлеуметтік жобаларды іске асыру, жастар тәрбиесі мен дін істері мәселелерін шешудегі озық тәжирибелерді бірлесіп қолдану. Жиында шаһардағы мемлекеттік емес ұйымдар мен қоғамдық қорлардың қызметі туралы сөз болды. Жалпы елімізде тіркелген 19 мың үкіметтік емес ұйымның 20 пайызы Алматыда орналасқан. Олар қаладағы әлеуметтік мәселелерді оңтайлы шешуге белсенді араласып келеді. «Сондай-ақ жастар тәрбиесі мен діни сауаттылық жөніндегі бағдарламалар да назардан тыс қалмайды», – деді қала басшысы.

Бауыржан Байбек, қала әкімі:

- Жалпы Алматы мемлекеттік емес ұйымдардың қаласы ғой. Сондықтан біз қолымыздан келгенше тиісті қаражат бөліп, оның тиімділігін арттырып жатырмыз. Әртүрлі топтармен, мемлекеттік емес ұйымдармен тығыз жұмыс істейміз. Олардың пікірлерін тыңдап, қала тұрғындары үшін, қала үшін жүзеге асыруға тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы