388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңі аяқталды

  • 1595
  • UPD: 22:28, 25.05.2018

Атырауда республикалық «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі мәреге жетті.

Облыстағы 7 аудан және Атырау қаласынан қатысқан 32 үміткер отбасының 16-сы түрлі марапатқа ие болды. Ал республикалық байқауға Бахриденовтер мен Тасқариндер отбасы жолдама алды.

«Мерейлі отбасы» байқауы жеңімпаздарын марапаттау Атыраудағы ең сәулетті «Салтанат сарайында» өтті. Бұл жиналғандар жергілікті сайыстардың оза шыққан отбасылар. Мұнда мұнайшылар, құрылысшылар мен әлеуметтік сала қызметкерлері, тіпті журналистер отбасы да бар. Ақпарат саласында 45 жылдан астам еңбек еткен ерлі-зайыпты Карим, Майра Бахриденовтар 5 ұл мен қыз өсіріп, олардан 14 немере көріп отырған үлгілі жанұя.

Кәрім Бахриденов, «Мерейлі отбасы» облыстық байқауының жеңімпазы:

- Тату-тәтті, білімді балалар тәрбиелеп, ұлағатты үй болатын болса, тәрбиелі ұл мен қыз өсіретін болсақ, осы Отанмызыдың да іргесі берік болады.

Салтанатты шара барысында әрбір қатысушының отбасының өмір жолы мен жанұясы туралы бейнебаян көрсетілді. Шара соңында барлық қатысушыларға бағалы ескерткіш сыйлықтар табыс етілді. Ұйымдастырушылар осынша топтан үздіктерді таңдаудың оңайға түспегенін айтады.    

Злиха Таласбекова, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары:

- Яғни өзіндік белгілі бір салт-дәстүрді өзіндік отбасы құндылғын баласына, немерелеріне жеткізу. Ңоларды өнегелі отбасы етіп тәрбиелеу бағытында жасалып жатқан жұмыстар.

Екінші жеңімпаз – Тасқариндер отбасы. Отағасы Сүндет Тасқарин 42 жыл бойы ағарту саласында еңбек еткен. Ұстаздар әулеті саналатын бұл отбасының еңбек өтілі 200 жылдан асады. Облыстық байқаудың екі жеңімпазына Алматы қаласындағы шипажайға жолдама табыс етілді. Олар енді Астанада өтетін республикалық сайыста бақ сынайтын болады.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы