367.63 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде «Сенің жаңа қырың!» шарасы аясында спорттық телекөпір өтті

  • 812
  • UPD: 15:25, 26.05.2018
Елімізде «Сенің жаңа қырың!» шарасы аясында спорттық телекөпір өтті

1 миллионнан астам адам Елбасының салауатты өмір салтын насихаттайтын «Сенің жаңа қырың!» бастамасын қолдады.

Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған  телекөпірге еліміздің аймақтары да атсалысты. Шымкент, Өскемен және Петропавл мен Ақтау қаласының тұрғындары Астанамен бейнебайланысқа шығып барлығы бір мезетте дене шынықтыру жаттығуларын жасады. Шараға Серік Сәпиев, Василий Левит, Гюзель Манюрова сынды белгілі спортшылар мен әртістер де қатысты. Бейнебайланысқа еліміздің 4 өңірі ғана қосылғанымен бастамаға басқа аймақтар да қолдау білдірді.

Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Мәдениет және спорт министрі: 

- Бүгін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Сенің жаңа қырың!» челленджі акциясына бүкіл Қазақстан шығып отыр. Әрине бұл өте қуанышты жағдай. Неге десеңіз, Елбасымыз әрдайым салауатты өмір салтының керек екенін әсіресе жастарға керек екенін ерекше атап өтеді. Сол үшін бүкіл қазақстандықтарды Елбасының жолдауына қатысуға шақырамын! Жаса Қазақстан! Алға Қазақстан!

Хабар 24 телеарнасы