383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзгертулер мен толықтырулар енгізілген заң кәсіпкерлердің жұмысын қаншалықты жеңілдетті

  • 628
  • UPD: 17:48, 26.05.2018

Өзгертулер мен толықтырулар енгізілген «Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру бойынша» жаңа заң жобасы астаналық кәсіпкерлер тарапынан да қолдау тапты.

Күні кеше бұл құжатқа Мемлекет басшысы қол қойған болатын. Заң жобасы кәсіпкерлердің жұмысын қаншалықты жеңілдетті?

Батырхан Жұманов – биоқапшық өндірісімен айналысады. Өз кәсібін осыдан екі жыл бұрын ашыпты. Ол жетекшілік ететін кәсіпорын тәулігіне – 100 мың, ал айына 5 миллионға дейін қап өндіреді. Бұл тауардың полиэтилен өнімдерінен айырмашылығы – 3 айдан 1 жылға дейінгі уақытта өздігінен жойылып кетеді. Кәсіпкердің айтуынша, кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіруге арналған жаңа заң жобасы бизнес жүргізуді айтарлықтай жеңілдететін көрінеді.    

Батырхан Жұманов, кәсіпкер:

- Бұл енгізілген өзгерістер шағын және орта бизнес адамдарына үлкен көмек әкеледі деп ойлаймын. Өзіңіз білесіз, қазір кіші бизнес әрқашан «заң бұзып қоймадым ба, тексеріс қашан келеді» деп уайымдайды. Ал енді заңға өзгеріс енгізгеннен кейін, бәрі өзгереді деп ойлаймын.

Енді мемлекеттік бақылау функциялары 30 пайызға қысқарады. Қадағаланатын 114 саланың 20-сы тексерілмейді. Сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық саладағы талаптардың – 85, ал өрт қауіпсіздігіндегі ережелердің 72 пайызы алынып тасталды. Жалпы заң жобасына бес бағыт бойынша мыңнан астам өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Ербол Өстеміров, «Атамекен» ҰКП басқарушы директоры:

- Профилактикалық тексеру деген институт енгізіліп жатыр. Профилактикалық тексеру келген кезде, бақылаушы органдардың кәсіпкерлерге айыппұл салуға мүмкіндіктері жоқ. Ол тек қана кәсіпкерге заң бұзушылық анықтаса, оны қашан және қай кезге дейін жою жөнінде кеңес береді.

Біз айтқан өзгерістер мен толықтырулар 14 кодекс пен 109 заңға енгізіледі. Жалпы, бұл жаңалықтардың басты мақсаты – шағын және орта бизнестің өркендеуіне жол ашу.

Авторлары: Нұршапағат Несіпбаев, Жандос Битабаров

Хабар 24 телеарнасы