388,93 435,25 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Айбын» және «Батыр» президенттік полкі жас сарбаздармен толықты

  • 682
  • UPD: 21:13, 26.05.2018
«Айбын» және «Батыр» президенттік полкі жас сарбаздармен толықты

Республика бойынша таңдап алынған 285 бозбала әскери ант қабылдады.

Қысқа уақытта үйренген шеберліктерін де көрсетті. Айта кетейік, мемлекеттік күзет қызметіне тек топ жарғандар ғана қабылданады. Өйткені талап бойынша үміткердің бойы 180 сантиметрден кем болмауы, дене бітімі шымыр, дені сау болуы шарт. Салтанатты ант қабылдаған сарбаздарды алда әскери қызмет күтіп тұр. 

Азамат Қайыржанов, әскери борышын өтеуші:

- Мен бұл мемлекеттік күзет қызметінде әскери борышымды өтеп жатқаныма қуанамын, мақтан тұтамын. Талай батырларымыз, бабаларымыздың өзі қызмет еткен. Біз де жас сарбаздармыз, сол батырларымызға еліктеп, Отан үшін қызмет етіп, халқымыз үшін, Елбасымыз үшін қызмет етудеміз.  

Хабар 24 телеарнасы