369.54 425.20 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында аға буын жастарға қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлеуді үйретті

  • 266
  • UPD: 18:26, 27.05.2018

Өрме төс, бұжы, бас қарын cекілді тағамдардың дастарқанымыздан көрінбей кеткені рас.

Осы ретте сырбойылық аналар қауымы ұлттық ас-ауқаттың жасалу жолдарын жастарға үйретуді қайта қолға алды. Ал батагөй ақсақалдар болса етті жіліктеу мен табақ тарту тәртібін көрсетті. Жалағаш ауданынында аға буын мен кіші буын арасында ұлттық құндылықтар насихатталған керемет шара өтті. 

Жалағаш кентінде былтыр пайдалануға берілген индустриалды  аграрлық колледжінің 50 орындық жатақханасында игі шаралар жиі ұйымдастырылады. Колледж оқушылары бүгін мал союдан бастап, дастарқанға қойылғанға дейінгі жөн-жобаның барлығына қанықты. Мәселен Көнекөз үлкен қариялар мен қадірлі меймандарға тартылатын бас табаққа жамбас, ортан-жілік, 

Нұржан Айдар, оқушы: 

- Екінші табаққа ортан жілік, кәрі жілік, салынады. 3-табақ кәделі сый, ол қыз бен келіншектерге тартылатын табақ. Бұл жерде асық жілік міндетті түрде салынады. 4-ге жауырындар салынады. бесінші болып, қол жілік салынады. Омыртқа, қабырға  барлығына міндетті түрде қосылады. 

Қаншагүл Мұстафаева, «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиа төрағасының бірінші орынбасары:

- Қазір ер балалар ауылда тұрса да мал союды білмейді. Малдың құрылысын, жіліктерін ажырата білмейді. Сондықтан азанғы уақытта малды сойып, оны іреп, жіліктеп, қақтап, табаққа салу, оны тарту осының барлығын ауыл ақсақалы көмегімен үйреттік. Ауылда тұрса да құрт жасауды, күбі пісуді білмейтін қыз балалар бар екені жасырын емес. Құрт жаю, ірімшік қайнату, ірімшіктің сары суын да бұрын тастамаған. Оны да пайдаланған, қазір одан салма нан деген тағам жасап үйретіп жатырмыз.

Бұрымды арулар қолынан шыққан бұжы ішекке тығылып, қазы пішіндес болып жасалады, бірақ еті майдаланып туралғасын тіске жұмсақ. Сондай-ақ қазақ мәзіріне қайта оралған қарын бүрменің дәмі тіл үйіреді әрі тойымды.

Гүлмира Бекниязова, аспаз:

- Қойдың ішек-қарыны, өкпе-бауырын ірілеп тураймыз. Сәбіз, бұрыш, жуа қосамыз. Сосын қарынға саламыз. Қойдың ішек-қарыны, өкпе-бауырынан дайындалатын тағам осылай салып, аузын түйеміз қарынның. Сосын 3 сағат қайнатамыз.

Ұлттық тағамдар мен салт-дәстүр жаңғырған шарада «Тарлан тарих тағылымы» өлкетану жобасы бойынша «Аға ұрпақтың кеңестері – біздің болашақ рухани байлығымыз!» тақырыбында өнегелі әңгімелер тиегі ағытылды. Сондай-ақ ауылдың алты ауызы айтылды.

Авторлары: Қамбар Бекенов, Қанат Еңсебаев, Руслан Айтмамбетов

Хабар 24 телеарнасы