387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлықтар туған жерін түлетуге 2,5 млрд теңгеден астам қаржы жұмсады

  • 488
  • UPD: 22:26, 27.05.2018
Қостанайлықтар туған жерін түлетуге 2,5 млрд теңгеден астам қаржы жұмсады

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы басталғалы қостанайлықтар туған жерін түлетуге 2 млрд 674 млн теңге қаржы бағыттаған.

Қалталы азаматтар құйған қаражат еңселі ескерткіш, сәулетті кесене, зәулім мәдениет үйлері болып бой көтерді, ауыл-аймақты абаттандырды. Бұл туралы бүгін «Рухани қазына» облыстық мәдениет және өнер қызметкерлерінің 1-форумында айтылды. Аймақта бір жыл ішінде қыруар іс атқарылған. Өңірде өлкетану бағытындағы жұмыстар да жанданып келеді. Сондай-ақ тарих факультеттері студенттерімен бірлесіп, археологиялық, этнографиялық экспедициялар жүргізілмек. Киелі жерлер табиғат аясындағы тарихи жәдігерлерді көпшілікке таныту жұмыстарына да баса назар аударылады. 

Ерлан Қалмақов, Облыстық мәдениет басқармасының басшысы:

- Киелі орындарды насихаттаудың ауқымды іс-шаралар жоспары бекітілген. Оған сәйкес қалалар  мен аудан әкімдіктері бизнес өкілдерімен бірлесіп, киелі орындардың маңайын абаттандыру, жөндеу, қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізетін болады. Сонымен қатар осы киелі орындарға мектеп оқушыларының, студенттердің экспедицияларын апару көзделген.

Хабар 24 телеарнасы