389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да жұмыс берушілер жалақы бойынша кешіктірген 77 млн теңгені өтеді

  • 429
  • UPD: 18:36, 28.05.2018

Батыс Қазақстан облыстық еңбек инспекциясы жыл басынан бері жалақыны кешіктірген жұмыс берушілерге 3 миллион теңге айыппұл салып, 22 нұсқама берген.

Еңбек заңдылығы шеңберінде мүліктеріне шектеу қойылған. Қабылданған шаралар нәтижесінде 91 кәсіпорындағы 77 миллион теңге жалақы берешегі өтелді. Алайда, әлі 159 адам 56 миллион теңге ақ адал табысын ала алмай отыр. Қарызы қордаланған 6 кәсіпорынның үшеуі банкрот деп жарияланса, біріне атқару өндірісі қозғалған. Енді екеуі еңбек инспекциясының ескертуіне әзірге құлақ асар емес. Олар Ақжайық ауданындағы «Сатбор»  және «Батыс Марқа Ламб» серіктестіктері. Соңғысы индустрияландыру бағдарламасы бойынша 3 жыл бұрын ашылған еді.

Артур Батыров, облыстық еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы:

- Еңбек инспекциясы тексеріс нәтижесі бойынша анықталған екі мекемеге қатысты заңнама аясында барлық шара алынды. Әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Батыс Марқа ламбты» алатын болсақ, ұжымдық арыз негізінде жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. 14 млн теңге жалақы берешегі бар екені анықталды 63 кісінің алдында.

Хабар 24 телеарнасы