378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ТЖК Астананың 9 сауда орталығы мен базарын сотқа берді

  • 336
ТЖК Астананың 9 сауда орталығы мен базарын сотқа берді elorda.info

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті бірнеше сауда орындарына қатысты істі сотқа жолдады. Атап айтқанда, аталмыш нысандарда жүргізілген тексеру кезінде өрт қауіпсіздігі жөнінде анықталған кемшіліктер қалпына келтірілмеген, деп хабарлайды Елорда инфо.

Осыған орай құзырлы орган тарапынан әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалған. Олардың қатарында «Аружан» сауда ойын-сауық орталығы, «Жастар» сауда үйі, «Автогранд» сауда үйі, «Ұлжан» базары, Сауда магазині,  «Совл» ЖШС, «Сарыарқа» базары және «EURASIAN TRADING GROUP» ЖШС.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 462-бабының 3-бөлігі бойынша заңды тұлғалардың санатына қарай 100-ден 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салу және нысанды 3 айға дейін де тоқтата тұруды қарастырады. Бірақ тоқтата тұру мүмкін емес, бұл сот шешімімен жүзеге асырылады.

Хабар 24 телеарнасы