383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі кооперативтердің 42 пайызы қағаз жүзінде ғана құрылған

  • 415
  • UPD: 11:29, 29.05.2018

Елімізде 62 мыңнан астам адамның басын біріктірген 2800-ден астам кооператив тіркелген.

Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары мәлім етті. Дегенмен ауыл шаруашылығы кооперациясының дамуына кедергілер де жоқ емес. Арман Евниевтің мәліметіне сүйенсек, ұжымдардың 18 пайызы жұмыс істемейді. Ал 42 пайызы қағаз жүзінде ғана құрылған. Бұдан бөлек кооператив мүшелері өндірген өнімдерді өңдеуде, өткізуде де қиындықтар бар. «Сондықтан қолданыстағы индикаторларды ауыстыру қажеттілігі туындап отыр», – деді вице-министр. Осы орайда саланы дамытуға арналған шараларды атап өтті. Бірінші кезекте мемлекеттік қолдау шаралары бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтеріне теңдей жағдайларда субсидиялау. Жергілікті бюджет есебінен мал шаруашылығындағы тауарлық спецификалық субсидияларды сақтап қалу ұсынылады. Деректерге сүйенсек, биыл кооперативтер үшін бордақылау шығындарын арзандатуға 495 000 мың теңге, сүт өндірумен айналысатын кооперативтерге 480 мың теңгеге жуық қаржы бөлінді.

Хабар 24 телеарнасы