378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кәмелетке толмаған балалар арасында қылмыс азайды

  • 685
  • UPD: 13:46, 29.05.2018

Мұны Қазақстандағы Адам құқықтар жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Балаларға арналған әділ сот конференциясында айтты.

Оның пікірінше, балалар құқы орындалуын қамтамасыз ететін мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы тығыз қарым-қатынастың арқасында осындай оң өзгерістерге қол жеткізілген. Мәселен, 2009 жылдан бері қамауға алынған балалардың саны 65 пайызға, сот шешімі бойынша сотталған балалар қатары 66 пайызға азайған. Сондай-ақ 9 жылдың ішінде бас бостандығынан айыру орындарындағы жеткіншектер 449-дан 49-ға дейін кеміген. Дегенмен қалпына келтіру және заңға қайшы әрекет жасаған балаларға арналған әлеуметтендіру сияқты қызметтерді ұсыну жүйесі әлі де дамытуды қажет етіп отыр.

Асқар Шәкіров, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтар жөніндегі уәкіл:

- Соңғы жылдары балалар арасында өзіне-өзі қол жұмсау жиілеген еді. «Көк кит», «Тыныш үй» сияқты ойындар пайда болып, балаларға психикалық теріс әсер еткен болатын. Үкіметке ғаламтордағы жағымсыз ойындарды қадағалау туралы өтініштер жасалынғаннан кейін, жақсы нәтижелерге жеттік.

Хабар 24 телеарнасы