389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО мектептерінде робототехника пәні оқытылады

  • 494
  • UPD: 11:17, 30.05.2018
ШҚО мектептерінде робототехника пәні оқытылады

Алдағы жаңа оқу жылынан бастап Шығыс Қазақстан облысындағы 272 мектепте робототехника пәні оқытыла бастайды.

Қазір құрылғыларды Мәскеуден келген мамандар орнатып, жергілікті мұғалімдерге бағдарламаларды үйретіп жатыр. Арнайы курс бір апта болады. Курстан соң ұстаздар осы мамандықты игергені жөніндегі халықаралық сертификатқа ие болады. Жалпы өңір бойынша қазір 300 ге жуық IT-сынып ашылды. Бұл сыныптарды өңірдегі кәсіпкерлер өз қаражаттарына жабдықтады.

Алма Тілеубаева, информатика пәнінің мұғалімі:

- Барлық аудандарда, ауылдарда осы крусты дамытып, ілгерілетіп жатыр. Осыған ризамыз. Қалалық жерде ғана емес, осы ауылдық жерлерден бастағанына қуаныштымыз.

Хабар 24 телеарнасы