383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Рухани жаңғыру»: ақтөбелік студенттер қазақ тіліне аударылған 18 оқулықпен танысты

  • 470
  • UPD: 14:12, 30.05.2018

Ақтөбелік студенттерге қазақ тіліне аударылған әлемдегі үздік оқулықтар таныстырылды.

«Рухани жаңғыру» аясындағы «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық. Жаңа гуманитарлық білім» жобасымен аударылған 18 кітаптың тұсаукесері болды. Елбасының тапсырмасымен әлемдегі ең үздік авторлардың таңдаулы оқулықтарын қазақ тіліне аудару үшін арнайы жұмыс комиссиясы құрылып, мықты аудармашылар таңдалып алынған еді. Еліміздің жоғары оқу орындарының студенттеріне өміршеңдігін дәлелдеген, беделді оқу орындарының педагогикалық тәжірибесінде кеңінен пайдаланылып жүрген оқулықтар ұсынылып отыр. Президент атап өткендей, 100 оқулық тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология ғылымдары бағытында жарық көреді. Әзірге 18 кітап қазақшаға аударылды. Жыл соңына дейін тағы 30 кітап қазақ тілінде шығарылады.

Айман Мақанова, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ «Рухани жаңғыру» кеңсесінің жобалаушы менеджері:

- Оқулықтарды аударуға еліміздегі ең үздік 40 аудармашы маман іріктеліп алынды. Бір мәтінді аударуға 3 адам жұмылдырылды. Олардың біреуі оқулықтың түпнұсқасы жазылған тілді білсе, екіншісі – қазақ тілінің маманы. Ал үшіншісі – оқулықта жазылған саланың білікті маманы. Бұл оқулықтар 2018 жылдың оқу үрдісіне енгізілді.

Хабар 24 телеарнасы