386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кәсіптік білім алып жатқан азаматтар үш түрлі біліктілікті меңгеріп шығуы мүмкін

  • 449
  • UPD: 15:24, 30.05.2018

Жұмысшы мамандығының беделін арттыру.

Бүгін Мәжіліс қабырғасында «Білім туралы» заңға бірқатар өзгеріс енгізу мәселесі талқыланды. Депутаттардың пікірінше, кәсіптік білім алып жатқан азаматтар колледже 1 емес, 3 түрлі біліктілікті меңгеріп шығуы тиіс. Депутаттардың айтуынша, мұндай жаңашылдықтың арқасында жұмысшылардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігі біршама артады. Сонымен қатар жиында колледж түлектері үшін ұйымдастырылатын аттестаттау жүйесінен бас тарту қажеттілігі сөз болды. Себебі аттестаттау сұрақтарында қорытынды емтихан сауалдарын қайталайды. Ал кейін жұмыс берушілер бұл сертификаттарды көбіне талап етпейді екен. Айта кетейік, осы және тағы 3 заң жобасы Мәжіліс депутаттары тарапынан қозғалып, мақұлданды.

Бақытгүл Хаменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Заң жобаларында модульдік түрде бекітіп, оқу үрдісіне енгізу көзделген еді. Бұл жаңашылдық жалпы жұмысшы мамандығының беделін арттырады деген ойдамыз. Елбасының мақсаты – жастарды жұмысшы мамандығына ынталандыру. Әрі қарай жастарға жағдай жасау. 3 жылда 1 біліктілік алатын болса, енді 3 біліктілік алады.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Жаңа әдістемелік жаңалықтарды пилот түрінде болсын, жаңа білім әдістемесі болсын, оның заңнамалық мәртебесін бекітіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы