387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Медициналық мекемелерді жоспарлы дәрі-дәрмекпен қамту ісі аяқталуға жақын

  • 432
  • UPD: 21:16, 30.05.2018
Медициналық мекемелерді жоспарлы дәрі-дәрмекпен қамту ісі аяқталуға жақын

Еліміздің медициналық мекемелерін жоспарлы дәрі-дәрмекпен қамту ісі аяқталуға жақын.

Жалпы сомасы 74 миллиард теңгенің өнімдері емдеу орындарына жеткізілді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды. Жалпы биыл мемлекет тарапынан медициналық препаттарды сатып алуға 200 миллиард теңге бөлінді. Оның 125 миллиарды амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бағытталып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басында бірқатар аймақ тұрғындары медициналық препараттардың жеткізілік екенін айтып, шағымданған болатын. Солардың қатарында қант диабетіне шалдыққан науқастар да бар.

Берік Шәріп, «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы:

– Биыл сатып алынбаған бірқатар дәрі-дәрмек бар. Кейбірінің Қазақстанда тіркелу мерзімі аяқталса, енді бірі өндіріс орындарында бұдан былай шығарылмайды. Оларға медициналық мекемелер тарапынан да сұраныс туындап отырған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы