388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде ҚХА өкілдері «Үміт» сәбилер үйінде қайырымдылық шарасын өткізді

  • 481
  • UPD: 21:18, 30.05.2018
Ақтөбеде ҚХА өкілдері «Үміт» сәбилер үйінде қайырымдылық шарасын өткізді

Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері Ақтөбедегі «Үміт» сәбилер үйінде қайырымдылық шарасын өткізді.

Балдырғандарға қажетті заттар алу үшін демеушілердің көмегімен 1 млн теңге қаржы берді. «Үміт» сәбилер үйінде 52 тастанды бала тәрбиеленіп жатыр. Олар мұнда 3 жарым жасқа дейін тұрады. Кейін балалар үйіне жіберіледі. Қайырымдылық шарасы Ассамблеяның «Тарихтан тағлым – өткенге тағзым» атты халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылды. Ассамблея қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында түрлі шара өткізуді дәстүрге айналдырған.

Леонид Прокопенко, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары

Бұл форумды біз жыл сайын ұйымдастырамыз. Мақсатымыз қуғын-сүргіннің құрбаны болған жандарды еске алу. Енді ондай қайғылы оқиғалар қайталанбаса дейміз. Біз қолға алған жоба 2010 жылдан бері жалғасып келеді. Болашақта да қыруар жұмыс жасалады. Ассамблеяның басты міндетіҚазақстан халқын ортақ құндылықтар төңірегінде топтастырып, ауызбірлікті нығайту.

Хабар 24 телеарнасы