445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда «Жаңғыру жолы» атты жастар қозғалысы жұмысын бастады

  • 1291
  • UPD: 12:24, 31.05.2018

Оралда «Жаңғыру жолы» атты республикалық жастар қозғалысының облыстық штабы жұмысын бастады.

Мақсат – Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы жоспарды жүзеге асыруға үлес қосатын белсенді жастардың басын біріктіру. Амфитеатрда өткен шараға Қазақстан Халқы Ассамблеясы жастар қанатының өкілдері, этно-мәдени бірлестіктер мен барлық аудандардағы жастар ұйымдарының белсенділері,  студенттер және еріктілер қатысты.

Нұрзада Сақтағанов, «Жаңғыру жолы» 1-республикалық жастар құрылтайының қатысушысы, студенттік ректор:

- Бүгінгі шараға біздің ұйымдастырған Ақжайық жастары, қаланың жастары  және аудандық жерлерден де жастар келіп жатыр. Себебі осы мақсатымыз ауыдық жерлердегі жастарды да көшбасшылыққа тарту. Келесі эстафетаны біз Қызылорда қаласына жібереміз.

 Мұхтар Жоламанов, «Нарын» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

- Ауыл жастарына пайдасы басқа да жастармен танысу, сонымен қатар және  мемлекетіміздегі іске асып жатқан бағдарламалармен танысу және оларға қолдау көрсету. Сәл де болса еліміздің дамуына өздерінің үлестерін қосу деп білемін. Ауыл жастарының жағдайлары ол қазіргі кезде мемлекет тарапынан үлкен көмек көрсетілуде. Мысалы, «Дипоммен ауылға» деген техникалық білім»бағдарламалары. 

Хабар 24 телеарнасы