445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана әкімі қоғамдық көліктегі жүру ақысын көтеруге қатысты пікір білдірді

  • 752
  • UPD: 18:41, 31.05.2018

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана әкімі Әсет Исекешев журналистердің қоғамдық көлікте жүру ақысын көтеруге қатысты сауалына жауап берді. 

«Биылғы жылы жол жүру ақысын көтеруді жоспарлап отырған жоқпыз, жол ақысы карточкамен төлеу биыл 90 теңге болып қалады. Біз бұл тарифті қаламыздың тұрғындарына жағдайды толық анықтау үшін қалдырамыз. Бірақ біз сараланған тарифті енгіземіз. Ол шамамен 180 теңге шамасында болды. Карточкамен төлем жасағысы келмейтін адамдар қолма-қол есеп айырысып, 180 теңге төлейтін болады», – деді елорда әкімі. 

Бұған қоса әкім қалалықтар үшін электронды карточкамен төлем жасаған екі есе пайдалы екенін айтты. Картамен жасаған бір төлем бір сағаттың ішінде басқа қоғамдық көлікке  ауысып мінгенде де тегін қатынауға мүмкіндік береді. Карточкамен төленетін тариф автопарктердің қаржылық жағдайы туралы шынайы картина анықталғанға дейін қалдырылады.

«Шынымен 2014 жылдан бері тариф көтерілген жоқ. Сол уақыттан бері екі девальвация болды, жанармай бағасы көтеріліп, инфляция, бірақ тариф бірде-бір рет көтерілген жоқ. Біз қазір автопарктермен экономикалық модельді анықтап жатырмыз. Көліктің бізде субсидияланатыны түсінікті. Алайда қалай және қаншалықты маңызды екенін түсіну керек. Біз автопарктердің ұсыныстарын тыңдадық, банкирлерді шақырдық. Есептік тариф – есеп үшін маңызды өз ақысы. Автопарктер 300 және 500 теңгеден ұсынды, бірақ біз ең төменгі бағаны – 200 теңгені алдық. Тариф жанармай сатып алуды, жүргізушілер мен кондукторлардың еңбекақысын, автопарктердің жөнделуі мен жаңаруын қамтамасыз ету керек. Бірінші кезеңде біз қоғамдық көлік бойынша жалпы көрінісін анықтау үшін 200 теңгені бекіттік. Сол себепті ақшамен есеп айырысуға көшу, карточкамен төлем жасау біз үшін жүз пайыздық басымдылық болып отыр», - деді Әсет Исекешев.

Сондай-ақ ол сараланған тариф шілде айының ортасында енгізілетінін айтты. 

«Шамамен қала тұрғындары 90 теңгеден төлейтін болса, бюджеттен жылына шамамен 15 млрд теңге субсидияланатын болады.  Тағы да қайталап айтамын, жыл соңына дейін ақшасыз есеп айыруға көшкенде, бізде толық картина қалыптасады және біз ашық ақпарат беретін боламыз», – деді Астана әкімі.

Ақпарат көзі: elorda.info

Хабар 24 телеарнасы