386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жоғарғы сотта сөйлеу мәдениетіне арналған конференция өтті

  • 779
  • UPD: 16:16, 31.05.2018

Сот шешендігі: оқыту және тәжірибе мәселелері. Осындай атаумен Жоғарғы сотта халықаралық конференция өтті.

Форум екі сессиядан тұрады. Шараға қатысушылар арасында жоғарғы оқу орындарының студенттері бар. Олар соттағы сөйлеу мәдениеті бойынша дәрістерді тыңдады. Жоғарғы сот төрағасы  Жақып Асанов қоғамда сот актісіне қатысты түрлі пікір барын жасырмады. Әсіресе, азаматтар оның мазмұнын түсіну үшін қосымша қаржы жұмсап, мамандардың көмегіне жүгінетінін атап өтті. Осы жайттарды ескерген құзырлы орган азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша сот шешімінің нормативтік қаулыларын қабылдады. Бұдан былай судья тараптарға қарапайым әрі түсінікті тілде неліктен осындай шешім қабылдағанын түсіндіруі тиіс.

Бағлан Мақұлбеков, ҚР Жоғарғы сотының судьясы:

- Шешендік өнер сабақтары жеке Академияда жоқ. Бұл мәселе қазір қаралып жатыр. Академияда сабақ екі тілде жүргізіледі. Тағылымдамадан өтуге келген судьяларды ынталандыру үшін әртүрлі тақырыпта ой қозғаймыз. Би бабаларымыздың мұрасы туралы. Сол мұраларды бүгінгі күннің шынайылығымен салыстыра отырып, болашақ судьялардың ынтасын арттыру үшін осындай шаралар жасалып жатыр. Ал бірақ жеке курс ұйымдастырса тіптен жақсы болушы еді.

Хабар 24 телеарнасы